Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау параметрлерінің өзгеруі 1,4 млн-нан астам қазақстандыққа әсер етті

24-08-2023, 14:57 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл сайын инфляция деңгейіне базалық зейнетақыны және ынтымақты зейнетақыны индекстеуден басқа – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына өткен Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында инфляция деңгейінен 2%-ға артып, Мемлекеттік зейнетақы төлемдерін тағайындау параметрлерін өзгерту есебінен 1,4 млн-нан астам адамның зейнетақысы қосымша өсті. 

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мыналар көзделген.

Біріншіден, 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70%-ына ал, ең жоғары мөлшерін – 100-ден 120%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жүзеге асырылады.

Осы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54% - дан 60% - ға дейін көтерілді. Бұл өсім, ең алдымен, ең төменгі зейнетақы алушыларға бағытталған. Олар үшін базалық зейнетақының өсуі 21% -ды құрады.

Бес жыл ішінде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 50% - ға дейін артады және бұл Қазақстанның барлық зейнеткерлеріне (бүгінгі күні 2,3 млн адам) қатысты болады.

Бұл ретте базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің инфляция деңгейіне өзгеруіне байланысты жыл сайын арттырылады.

Екіншіден, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлікке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жоғалтқан табыстың орнын толтыру. Ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде тек екі көрсеткіш ескеріледі: 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңдегі орташа айлық табыс, яғни бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, зейнетақы соғұрлым жоғары болады.

Егер өткен жылы жасына байланысты зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК немесе 146 мың теңгені құраса, енді оны 55 АЕК-ке дейін арттырған кезде ол биыл шамамен 190 мыңын құрайды, бұл зейнетақы мөлшеріне тікелей әсер етті.

Бұл өзгеріс зейнеткерлер мен енді зейнетке шыққан азаматтарға да әсер етті.

Зейнетақыны есептеу кезінде қабылданатын ең жоғары табыстың артуы тағайындалған ынтымақты зейнетақылардың мөлшерін ұлғайтты және зейнетақы алдындағы кезеңдегі зейнетақы мен жалақы мөлшерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етті.

Бұл ретте, тағайындалған ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2% - ға артып жыл сайын өсіп отыратынын атап өткен жөн.

Жоғарыда аталған барлық шаралар ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген және зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға әрі азаматтарды зейнетақының барабар мөлшерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив