Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Абай өңірінің үздік отбасысы анықталды

28-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Байқауда Аягөз ауданынан келген Досумбаевтар әулеті жеңімпаз атанды

Семейде «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Іс-шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен республикалық конкурс лауреаттары қатысты.

Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков лауреаттарды құттықтап, отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Он жылдық тарихы бар бұл байқау «отбасы» деп аталатын шағын мемлекет үшін ерекше орын алады. Республикалық байқаудың лауреттары отбасы институтының құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатыны анық» - деді облыс әкімінің орынбасары.

Байқау лауреаттарына ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Аягөз ауданынан келген Досумбаевтар отбасы сайыс жеңімпазы атанып, 500 мың теңгенің сертификатына ие болды. Енді бұл отбасы байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынайды. Екінші орынды Ақсуат ауданынан келген Төлеуғазиновтар отбасы қанжығасына байлап, 300 мың теңгеге ие болды. Жүлделі үшінші орын Курчатов қаласынан қатысқан Қайрат жанұясы мен Семей қаласының Шапатовтар отбасына табысталды.

Айта кетсек, байқау отбасы құндылықтарын дәріптеп, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған.

Байқауда Аягөз ауданынан келген Досумбаевтар әулиеті жеңімпаз атанды

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив