Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей медицина университетіне 70 жыл

29-08-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында медицина саласын дамытуға зор үлес қосқан еліміздегі ірі медициналық жоғары оқу орнының мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.

Айтулы мерекеге Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, университет ұжымын, студенттері мен түлектерін құттықтап, отандық медицинаны дамытуға университеттің қосып жатқан үлесінің зор екендігін атап өтті.

«Білікті кадр, кәсіби маман, заманауи ғылымға негізделген оқу бағдарламасы, халықаралық қатынастар, озық технологиялар мен өз ісіне адал дәрігерлер... бұның барлығы Семей медицина университетінің «тірнектеп жиған» абырой-беделі мен іргелі істерінің жарқын көрінісі! Жаңадан құрылған Абай облысы үшін де, Семей медицина университеті – денсаулық сақтау саласының берік негізі, ұлт саулығының «күре тамыры» бола береді», – деді облыс әкімі.

Мерекелік кеште медицина мен білім саласын дамытуға үлес қосқан дәрігерлер, оқытушылар, профессорлар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері төсбелгі, алғыс хат және наградалармен марапатталды.

Семей медицина университетінің тарихы 1953 жылдың 1 қыркүйегінде факультеттің ашылуына орай құрылды.

Осы жылдар ішінде оқу үдерісін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылып, ғылыми медициналық әлеует дамып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Жоғары оқу орны елде және әлемде танылып, қарқынды түрде дамып датыи. Университет 40 мыңнан астам студент даярлап, өңірдегі медицина ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Түлектердің арасында Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ҚР Парламентінің депутаттары, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және көрнекті қоғам қайраткерлері бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив