Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Бүгін Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

29-08-2023, 12:00 018.kz

2023 жылғы 29 тамызда Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады.

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив