Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде ядролық сынақ құрбандарын еске алды

29-08-2023, 15:14 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс орталығында Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков қатысып, ядролық қарусыздану жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау жолындағы маңызды қадам болғандығын атап өтті. 

«Отыз екі жыл бұрын біз бүкіл әлемге бейбіт өмірдің жарқын үлгісін көрсеттік. Қазақстан ядролық арсеналдан, ерікті түрде, бас тартты... Алайда, полигон жаңғырығы әлі де халық жадында, тарихи деректе, баспасөз беттерінде ауық-ауық көрініс табады. Саяси-мелитаристік бәсеке жолында, жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған жерлестеріміздің асқақ рухы алдында басымды иіп, тағзым етемін! Бүгінде, киелі тәуелсіздіктің арқасында – егемен елдің жаңа тарихы жазылуда. Бір кездегі «үрей даласы» – бейбітшілік бесігіне айналды», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды. Сондай-ақ, Абай облысының қалалары мен аудандарында түрлі акция, көрме, коференциялар ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив