Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде ЖОО-ның ректорлары бас қосты

30-08-2023, 09:29 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы Әлихан Бөкейхан университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысуымен ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Жалпы отырысы өтті.

Алқалы жиын барысында құзырлы министрлік басшысы еліміздегі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы алға қойылған міндеттері туралы айтты.

Жалпы жиналыста ректорлар жоғары оқу орындарының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны, халықаралық әріптестік тәжірибелері мен білім беру бағдарламаларын дамытудағы стратегиялық міндеттер туралы баяндамалар тыңдап, жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Өз сөзінде Әлихан Бөкейхан университетінің ректоры Шырын Құрманбаева қазіргі уақытта министрлік жекеменшік оқу орындарына барлық жағдай жасалып, мемлекеттік тапсырыс оқу орындары арасында әділ бөлініп жатқанын жеткізді.

«Министрлік құрылғалы бізді қолдап жатыр. Ең қуантарлығы – мемлекеттік органның оқу орындарының мұң-мұқтажын ести алатындығы. Ұсыныстарымызды қабылдап жатқанына алғысымыз зор» - деді өз сөзінде Университет ректоры.

Жалпы жиналыс жұмысының соңында қатысушыларға Әлихан Бөкейхан Университетінің «Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің жобалары таныстырылып, Университеттің жаңа Студенттер Үйі мен Әскери кафедрасына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив