Абай облысында Антикор 10 шаруа қожалығының құқығын қорғады
Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абай және Жарма аудандарында жер пайдалану құқығын беру үшін жалдау шарттарында шектеу талаптарын қою, сондай-ақ жер учаскелеріне жалдау құқығын беру мерзімдерін жасанды түрде созбалау фактілерін анықтады.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында белгілі болды.
Ведомствода атап өткендей, шенеуніктердің мұндай әрекеттері дайын тұрған шешімді алуға және жерді қайта ресімдеуге кедергі келтіреді.
Осылайша, 6 шаруа қожалығының құқықтарын шектеген және 4 шаруа қожалығын «жерді өтеусіз жалға алу шарттарын ұзарту» (жаңа мерзімге құқық беру) кезінде әуре-сараңға салған. Бұл учаскелер мал жаюға және шөп шабуға арналған, олардың жалпы ауданы 10 мың гектардан асады.
Департаменттің араласуымен аталған мәселелер бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, нәтижесінде кәсіпкерлердің сұрақтары оң шешімін тапты.