Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының студенттері Euroskills чемпионатында бақ сынап жатыр

5-09-2023, 12:28 Думан Кенжеғазыұлы

Мейрамханалық қызмет, шаштараз өнері, кірпіш қалау, мехатроника саласында Абай облысының студенттері шетелдік жарыста бақ сынайды.

Бүгінде Гданьск қаласында Euroskills байқауы өтіп жатыр. Онда Еуропаның 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас мамандар жиналған.

Қазақстан құрамасы 25 мамандық бағытында сынға түседі. Оның құрамында 28 қатысушы мен 25 халықаралық сарапшы бар. Айта кетсек, Абай өңірінің оқушылары да ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайды!

«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК студенттері Екатерина Лютаева, Диляра Байжұманова, Диас Сәрсембаев және «Электротехникалық колледж» КМҚК студенттері Ернияс Құрманбеков, Аңсар Оразғалиев «Мейрамханалық қызмет», «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау, «Мехатроника» саласында біліктілігін сынға салады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив