Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

ШҚО-да Қорғаныс істері департаментінің бастығы тағайындалды

6-09-2023, 10:53 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы болып подполковник Қожамқұлов Арман Есполатұлы тағайындалды.

Арман Есполатұлы Алматы облысының тумасы. Әскери еңбек жолы 1998 жылы басталды.

2018-2022 жылдар аралығында Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде бірнеше ботальонның командирі, әскери бөлімнің жасақтау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.

2022-2023 жылдары Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің штаб бастығы - Департамент бастығының бірінші орынбасары болды.

Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив