Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

«Аягөз – Бақты» теміржолының шекарасы анықталды

7-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен кезекті жиын өтті. Күн тәртібінде Қазақстан-Қытай шекарасын қолданыстағы Семей-Ақтоғай теміржол учаскесімен байланыстыратын «Аягөз – Бақты» теміржолын салу үшін жерді резервке алу мәселесі қаралды.

Жаңа теміржол Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын арттыруға, сондай-ақ жүктерді тасымалдау инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етеді.

Теміржолды сапалы салу үшін қажетті жер телімдерін сақтаумен айналысатын комиссия құрылды.

Отырыс барысында «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ өтінішімен комиссия мүшелері болжамды теміржол бағытын талқылап, жер учаскелеріндегі меншік иелерінің тізімін қарастырды. Кездесу нәтижесінде оң шешім қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив