Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстанның Тұрақты өкілі АЭХА Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

7-09-2023, 11:13 Думан Кенжеғазыұлы

Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Мариано Гроссиге сенім грамоталарын тапсырды.

АЭХА басшысы ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға жасаған сәтті сапарын жылулықпен еске ала отырып, ядролық энергетика, онкологиялық ауруларды емдеу, қолданбалы ядролық технологияларды дамыту және қазақстандық кадрларды даярлауды қоса алғанда, техникалық ынтымақтастық саласындағы бірқатар жобалар бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың жанданғанын атап өтті. Ол ҚР-да орналасқан АЭХА Төмен байытылған уран банкінің цилиндрлерін қайта сертификаттаудың бірінші кезеңінің аяқталуын қуаттады. Сонымен қатар, Р.Гросси Агенттік мамандарының ҚР Үкіметіне еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша қажетті консультативтік көмек көрсетіп жатқанын және осы жылдың соңына дейін кезекті кешенді миссияны жоспарлап отырғанын айтты.

Өз кезегінде М.Тілеуберді Қазақстанда АЭС тұрғызу жоспарлары аясында еліміздің АЭХА-ға мүшелігінің басым мәнге ие екенін атап өтті. Тұрақты өкіл Р.Гроссиді Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы туралы хабардар етіп, мемлекет басшысының АЭС салу бойынша мәселені жалпыұлттық референдумға шығару жөніндегі ұсынысы туралы мәлімдеді.

Тараптар бейбіт атомды дамыту және ядролық қауіпсіздік режимін нығайту үшін өзара тиімді диалогты жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив