Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан мен Әзербайжан Қарулы күштерінің идеолог мамандары тәжірибе алмасты

7-09-2023, 11:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сапар аясында Әзербайжан Республикасы Қорғаныс ведомствосының өкілдері бірқатар әскери мекемелерде болып, Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің қызметімен танысты.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Әскери оқу орнында меймандар үшін экскурсия және біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасымен таныстыру ұйымдастырылды. 

Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әзербайжан әскерилерімен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов кездесті. Ол қонақтарға Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның құрылымы, қолданыстағы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі, психологиялық қызмет, ақпараттық, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар туралы айтты.

Полковник Ермиян Бятов әзербайжандық әріптестеріне «Астана – мәдениет керуені» халықаралық әскери оркестрлер музыкалық фестиваліне шығармашылық ұжымының қатысқаны және «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Әзербайжан командасының өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Дәстүр бойынша қонақтар ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив