Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

8-09-2023, 16:41 018.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру»сияқты мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Яғни тікелей саяси құғын-сүргінге ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Орталық одақ органдарының: КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы.

Бұл мұрағаттық анықтама:

1) шетелге тұрақты тұруға кеткен;

2) саяси қуғын-сүргін құрбандарының арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы;

3) оңалту үшін беріледі.

Оңалту туралы анықтамасы Абай облысы прокуратурасымен беріледі (саяси қуғын-сүргін қолдану фактісін растау туралы мұрағаттық анықтаманың негізінде).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «egov mobile», «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш береді.

Егер азамат Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінсе (бұдан әрі-ХҚКО) өтінім беру кезінде ХҚКО қызметкерлеріне туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Мұрағаттық анықтаманы үшінші тұлға алған кезде сенімхат беру қажет.

Анықтаманың дайындалу мерзімі - 8 жұмыс күні.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қағидалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен регламенттелген.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаменті

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив