Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей футзал клубы ел кубогының жартылай финалына шықты

8-09-2023, 17:27 Думан Кенжеғазыұлы

Семей футзал клубы Тараз командасын жеңіп, ел кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды 018.kz.

Ел кубогының 1/4 финалы аясында Таразда «Семей» және «Аят» футзалдық командалары арасында матч өтті. Тартысқа толы матч біздің жерлестеріміздің 4:2 есебі нәтижесінде жеңісімен аяқталды. Қарсыластың қақпасына голдарды Жомарт Тоқаев, Ринат Төреғазин, Андерсон Дедезиньо және Шыңғыс Есенаманов жасады. Осылайша команда ел кубогының жартылай жолдама алды.

Айта кету керек, бұл Семей футзал клубының алғашқы және жалғыз жетістігі емес. Клуб жақында құрылғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде оның ойыншылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, футбол әлемінде өздерін таныта алды. 

Кубок аясында жерлестеріміз «Рахмет» командасын 3:1 есебімен және «Жетісу» командасын 4:1 есебімен жеңді. 

Сондай-ақ, клуб құрылған сәттен бастап ойыншылар өздерінің өршіл мақсаттары мен талантты құрамымен спорт жұртшылығының назарын өзіне қаратты. Команда сонымен қатар заманауи футзал талаптары мен стандарттарына тез бейімделе отырып, ынта-жігерімен, футболға деген құштарлығымен және стандартты емес тактикалық шешімдерімен аңғартты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив