Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жалғасуда
Кезекті отырысқа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев және YPO Kazakhstan өкілдері қатысты.
ҰЭМ басшысы өз сөзінде атап өткендей, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары кәсіпкерлермен, сарапшылар қауымдастығымен және депутаттармен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 700-ге жуық ұсыныс қаралды.
Кездесу барысында қатысушылар болжамды салық саясатын қалыптастыру, экономиканың жоғары табысты салалары үшін негізгі салықтар бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау, арнайы салық режимдерін реформалау, сән-салтанат заттарына жоғары салық салу және т.б. мәселелерді талқылады.
YPO Kazakhstan өкілдері осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған тәсілдер бойынша ұстанымдарын айтты.
Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша кездесулер жалғасатын болады.