Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
439.37 498.6 5.22

Қоғамдық орындарда қараусыз жайылған жануарлар арнайы орындарға жөнелтілді

22-08-2023, 18:36 Думан Кенжеғазыұлы

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ, иесіз малдарды қамайтын алаңдар мен жылқыларды тиейтін арнайы көліктер дайындалған болатын. Бүгін жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірлесіп Бейбітшілік аралынан 4 жылқыны құрықтап, оны арнайы орындарға жеткізді.

Жергілікті полиция бөлімі басшысы Елдос Оразалиннің мәліметінше, қоғамдық орындарды иесіз жайылған жылқылардың иелері табылғанша арнайы орындарда болады. Мал иелеріне анықталғаннан кейін КРКобАП, АП туралы ҒЗК-нің 147-бабы бойынша хаттама толтырылады.

Құрметті семейліктер, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар, сіздерден сиыр мен жылқыларды мәдени-демалыс орындарында (әсіресе туристер қызығушылық танытатын “Бейбітшілік аралы” ауданында) қараусыз жібермей, оларды арнайы немесе белгіленген аймақтарда жаюды сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив