Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

2023 жылғы 5-9 қыркүйек аралығында өткен Euroskills кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды

12-09-2023, 14:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық құрамаға 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы кірді. Еуропаға аттанған Абай облысының Бизнес және сервис колледжі мен Электротехникалық колледж студенттері «Мейрамханалық қызмет», «Шаштараз өнері», «Кірпіш қалау», «Мехатроника» құзыреттіліктері бойынша бақ сынасқан. 

Польшадағы Гданск қаласында өткен үш күндік конкурстың қорытындысы бойынша Семей қаласының Электротехникалық колледжінің студенттері - Ернияз Құрманбеков пен Аңсар Оразғалиев (мехатроника) «Үздік медальонға» ие болды. 

Команда жетекшісі, халықаралық сарапшы Керимов Самир Пириевич.

Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills чемпионатына қатысу тарихында үздік нәтиже көрсетіп, екі медаль және төрт «Үздік медальон» әкелді. 

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас маман қатысты. Қазақстан құрама командасы 25 құзыреттілік бойынша сайысқа түсті. 

Қазақстан үшін бұл еуропалық чемпионаттағы үшінші медаль. 

EuroSkills чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив