Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Жас мамандарға Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу талаптары түсіндірілді

14-09-2023, 10:33 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сауда және интеграция министрліктері, сондай-ақ  Жоғарғы Соттың жас қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында резервке іріктеудің негізгі талаптары түсіндірілді. Қатысушылар іріктеу шарттарымен танысып, кезеңдерге қатысты сұрақтарын қойды.

Мұндай түсіндірме шаралары Агенттік және оның аумақтық бөлімшелерімен еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде.

Атап өту керек, Президенттік жастар кадр резерві - Мемлекет басшысының еліміздің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамасы. Ағымдағы жылы резервке үшінші іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі. Оған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайты арқылы беруге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив