Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында дәнді дақылдың 143,8 мың гектар алқабы жиналды

14-09-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Облыста күзгі дала жұмыстарына және 2023-2024 жылдардағы мал қыстауына жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіп жатыр.

Бүгінде 143,8 мың га дәнді дақылды, сондай-ақ 2,01 мың га көкөніс пен бақша дақылын, 2,2 мың га картопты жинау жұмыстары сәтті аяқталды.

Мал азығын сатып алу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 854,2 мың тонна шөп, 40,3 мың тонна пішендеме, 9,1 мың тонна сүрлем, 32,5 мың тонна сабан, 8,2 мың тонна құнарлы жем дайын.

2023-2024 жылдары аудандардың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарына қыс мезгіліне 1153,1 мың тонна шөп, 48,8 мың тонна пішендеме, 59,3 мың тонна сүрлем, 85,1 мың тонна сабан, 117,8 мың тонна құнарлы жем дайындау қажет.

Айта кетсек, шілде-тамыз айларындағы тапсырыс кезінде егін жинау науқанына 6 139 мың тонна дизель отыны сатып алынды, бұл 100%-ды құрайды.

Өңірдегі егін жинау науқаны толығымен бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив