Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесті

16-09-2023, 10:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен алдағы жылдарға арналған жоспарларға тоқталды. Ауданда абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту және жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген.

Ақсуат өңірінде қарқынды дамып келе жатқан этномәдени, экологиялық және танымдық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

«Ауданда этномәдени, экологиялық, танымдық туризмді дамыту үшін әлеует зор. Оның аумағында Қазақстанның 100 киелі орындарының тізіміне енген «Әулие Ырғызбай Досқанұлы» кесенесі орналасқан. Туризмді дамыту үшін осындай киелі орындарды тиімді пайдаланған жөн. Қазіргі уақытта «Kaz Glamping» ЖШС «Туристік саланың глемпинг бағытына арналған объектілер құрылысы» жобасын іске асыру үстінде», - деді аймақ басшысы.

Сумен қамтамасыз ету мәселесі де бақылауда тұр. Қазіргі таңда аудандағы елді мекендердің 86,2% таза ауыз сумен қамтылған. 2026 жылға қарай ауданда Қызыл Жұлдыз, Сұлутал, Қожағелді, Көкжыра, Ақсуат, Көкжол, Қызбай, Тұмар, Көкбастау су құбыры желілерінің  құрылысын қайта жаңғырту жоспарланған.

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Осылайша, аудандық аурухананың су, кәріз және сыртқы жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының пилоттық жобасы аясында Үштөбе, Екпін ауылдарында 2 жаңа дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Мүрсәлім, Айнабастау, Ақжал, Қызыл Жұлдыз, Сұлутал, Көктөбек ауылдарында 6 медициналық пункт салу жоспарланған.

«Абай облысында 2023-2024 жылдары 5700 орындық 11 жаңа мектеп салынады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, Көкжыра ауылында 100 орындық жазғы балалар лагерінің және Көктүбек ауылында 80 орындық мектептің құрылысы басталады», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Есептік кездесуден кейін облыс басшысы аудан тұрғындарының жеке мәселелеріне қатысты қабылдау өткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив