Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханға «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды

22-09-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Аstana Media Week медиа-апталығы аясында Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов табыс етті.

Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурада білім алған. Бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Журналистика және репортер ісі» докторантура бағдарламасы бойынша білім алуда.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастап, журналист-редактор және бағдарлама жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2015 жылға дейін - QAZAQSTAN және «Бірінші канал-Еуразия» ұлттық телеарналарында бағдарламалар мен ток-шоулардың жүргізушісі болған.

2016 жылы - «Астана» телеарнасында «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары — Жамбыл облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының орынбасары, басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы.

2019-2021 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы, 2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив