Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады
Кеше футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 24-тур ойындары өтті. Өңірлік «Елімай» командасы өз алаңында «Хан-Тенгри» командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы уақытқа дейін 22 ойында бірде-бір жеңіліс таппаған жерлестеріміз 62 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде көш бастап тұр. Осылайша «Елімай» командасы турнирдің аяқталуына 6 ойын қалса да, ұпай санымен үздік үштікте нық орналасып, футболдан Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.
Абай облысында футбол – кеңінен тараған әрі қала халқының ең сүйікті спорт түрі. Бұл кездейсоқ емес. Семей – еліміздегі футболдың отаны. Жарты жылдан бері тұрғындар қайта жанданған «Елімай» футбол клубының ойындарын тамашалап келеді. Футбол ойындары жұмыс күніне сәйкес келетініне қарамастан, «Спартак» стадионынан табылатын жанкүйерлер әр ойын сайын еліміз бойынша тұрақты түрде рекорд жасап жатыр. Мысалы 7 мыңнан астам жанкүйер үнемі команданы қолдауға келеді.