Алматыда жер сілкінісін болжау сұрақтары бойынша XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтеді
2023 жылғы 26-28 қыркүйек күндері аралығында «Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпсіздік пен қатерді бағалау» XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтеді.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағын және халқтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сейсмикалық қауіпті азайту. Сонымен қатар, сейсмологиялық ғылымды, кешенді сейсмомониторинг жүргізуді, жер сілкінісінің алдын алу жүйелерін дамыту, екіжақты және жан-жақты трансшекаралық байланыстарды кеңейту.
Шараны ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы және Қытай жер сілкінісі әкімшілігі жанындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Жер сілкінісі жөніндегі агенттігі бірлесіп ұйымдастыруда.
Симпозиум аясында сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді бақылау, сейсмикалық қауіпті бағалау, табиғи және техногендік жер сілкіністерінен болатын залалды азайту әдістері мен технологияларды енгізу және жер сілкінісіне төзімді құрылыс тәжірибелері туралы талқыланады.
Қазақстан-Қытай симпозиумы халықаралық мәртебеге ие болғандықтан, көптеген ғылыми ұйымдар, сондай-ақ Орталық Азия, ТМД, Әзірбайжан, Түркия және Шығыс Еуропа елдерінің басқа да ғалымдары белсенді қатысады деп күтілуде. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бойынша халықаралық симпозиумдары аясындағы конференция мен семинарлардың көп жылдан бері серіктесі және белсенді қатысушысы.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық аясында бірлескен ғылыми жобалар сәтті жүзеге асырылды: шекара маңындағы аумақтардың терең геологиялық құрылыстарын зерттеу, болжамдық полигондарда электрометриялық өлшеулер жүргізу, қазақстандық, қытайлық және ресейлік ғалымдардың қатысуымен жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалыстарын зерттеу. Мұндай зерттеулер ШҰАА, Қырғызстан және Қазақстан ұйымдарының қатысуымен Тянь-Шань тау жүйесін сейсмикалық аудандастырудың детерминистік картасын әзірлеу және сейсмикалық қауіп пен қатерді бағалау үшін маңызды. Аталған шараның өзектілігін ескере отырып, Халықаралық симпозиум аясында тәжірибелік ынтымақтастық орнатуға көңіл бөлудеміз.
Осы орайда, еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігіне бағытталған Халықаралық деңгейдегі Симпозиум жұмыстарын мемлекетімізде кеңінен насихаттау үшін ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Мекенжайы: Алматы қ., Абылай хан к-сі, 53, «Меркурий» қонақ үйі, мәжіліс зал.
Ашылуы: 26 қыркүйек, сағат 10:00-де.