Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Кәсіпкерлерге суға негізсіз көтерілген тарифтер қолданылған

27-09-2023, 16:17 018.kz

Бұл туралы «Курчатов водоканал» МКК тарифтік сметаларының есептерін зерделеу барысында белгілі болды. Кәсіпорын 2022 жылы су шаруашылығы жүйесінің қызметтеріне арналған инвестициялық бағдарламада көзделген жалпы сомасы 4 млн. теңгеден асатын сорғы жабдығы мен тиекті арматураны ауыстыру жөніндегі баптарын орындамаған.

Нәтижесінде тұтынушыларға, оның ішінде 180 кәсіпкерге 2022 жылғы 6 ай бойы негізсіз көтерілген тарифтер бойынша төлем шоттары қойылып отырған. Бизнес өкілдеріне 2,6 млн. теңге артық есептелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменті 1 жылға уақытша өтемдік тариф белгіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив