Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мұхтар Әуезов ұрпақтары Абай елінде бас қосты

29-09-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

28 қыркүйек - қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күнінде Абай еліне оның ұрпақтары тағзым етіп келді. Сондай-ақ, осы шара аясында жазушының ұрпағы, әдениеттанушы ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдық мерейтойы да атап өттілді.

Абай еліне арнайы келген М.Әуезовтің немересі Зифа-Алуа Мұратқызы, «Әуезов үйінің» директоры Диар Асқарұлы Қонаев, қазақтың тұңғыш орнитолог ғалымы Ернар Әуезовтің қызы Лола Әуезова, Әуездiң iнiсi Самарханның немересі Қанат Разақов, «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, ҚР Ұлттық кітапханасының өкілі Сандуғаш Жауынбаева зиялы қауым өкілдері және жастарымен кездесті.

Жазушының ұрпақтары, Абай облысы әкімі Н.Ұранхаев және зиялы қауым өкілдері Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Шара барысында Фатима Ғабитованың «Өртеңде өнген гүл», Мұрат Мұхтарұлының «Қазақ рухы» кітаптарының тұсауы кесілді.

Белгілі ғалым, филолог Арап Слямұлы кітаптардың мазмұнына, құндылығына тоқталды. Өз кезегінде баспагер Рақымғали Құл-Мұхаммед педагогикалық колледж ұжымына 150 дана кітап сыйға тартты.

Рухани сапар ертең де Абай ауданында жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив