Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Үржар ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі іске асып жатыр

29-09-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына 2,5% жеңілдікпен несие беру, өз кәсібін ашуға көмек көрсету, халық табысын арттыру.

Несие 5 бағытта беріледі:

1. Үй іргесіндегі жер учаскелерін тиімді пайдалану (жылыжайлар);
2. Мал шаруашылығын дамыту;
3. Ауылдан тыс жерлердегі егістік жерлерді тиімді пайдалану;
4. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;
5. Жеке кәсіпкерлікті дамыту (өндіру, өңдеу және қайта өңдеу).

«Семей» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АӨК) несиелік агент ретінде жергілікті тұрғындарды қаржыландыруға көмек көрсетеді. Бүгінде Үржар ауданында 100 жобаға құжат ұсынылып, олар «Семей» АӨК агентіне берілді.

Аталған бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамытуға 92 жоба, қымыз өндіруге 1 жоба, кондитерлік өнімдер өндіруге 2 жоба, наубайхана ашуға 2 жоба және омарта шаруашылығына арналған 3 жоба жүзеге асырылады. Мұндай бастама Үржар ауданында жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңір экономикасының дамуына септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив