Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жерлесіміз Францияда жеңімпаз атанды

2-10-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың қыркүйегінде Тур қаласында «Le Mondial du Fromage» халықаралық ірімшік байқауы өтті. Бұл осы саладағы Еуропадағы ең беделді байқау, онда әртүрлі елдердің өндірушілері өз өнімдерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік алды.

Сайыста 68 мемлекет өз өнімін ұсынды, оның ішінде Абай облысының кәсіпкері Екатерина Паязитова да бар. Мыңдаған өнімдердің ішінде кәсіпкердің «Mulatto» ірімшігі күміс медаль, ал «Patisson» мен «Amorelli» сорттары қола медаль алды.

Сондай-ақ, Екатерина Паязитова сыр гильдиясының құрметті мүшесі атағына ие болды. Бұл гильдия жеке ірімшік өндірушілердің бірлескен жобасы. Осы мақсатта, Екатерина өзінің цехын кеңейтіп, Абай облысында ірімшікті өндіруді дамытуды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив