Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Өңдеу өнеркәсібі отандық экономикаға қосқан үлесі бойынша үшінші орында

3-10-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Өңдеу өнеркәсібі экономикаға қосқан үлесі бойынша сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішті көрсетіп отыр.  Бұл туралы 3 қазан, сейсенбі күні өткен кезекті Үкімет отырысында айтылды.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4 % құрап, экономикаға қосқан үлесі бойынша сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішке ие болып отыр», -  деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өз баяндамасында.

Оның айтуынша, жалпы салада өндіріс көлемінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21,1 трлн теңгені құрады. Бұл бұдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге көп.

Салада 613,7 мың тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары бюджетке 2,7 трлн теңге салық төледі.

2023 жылдың сегіз айында өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 14 трлн теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% - ға өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28,1% көрсеткішімен машина жасау саласында байқалады, бұл автокөлік құралдары (+42,2%), машиналар мен жабдықтар (+22,5%) және электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен мүмкін болды.

Айта кетейік, өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жыл сайынғы нысаналы индикаторлар бекітілген. Атап айтқанда, «Өндіріс көлемінің өсуі» индикаторы 103,1% құрайды, жоспар бойынша 104,4%. «Жалпы қосылған құн» индикаторы 8 трлн теңгені құрайды, жоспар бойынша – 15,7 трлн теңге. «Еңбек өнімділігі» индикаторы бір адамға 22,3 мың АҚШ долларын (есептік деректер) құрайды, жоспар бойынша – 52,4 мың АҚШ доллары.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив