4 қазан 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Онда Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Депутаттар бастамашы болған түзетулер Мемлекеттік корпорация мен оның қызметкерлерінің мәртебесіне қатысты. Жалпы жоба мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Сонымен қатар депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялайды.
Мәжіліс комитеттері Бюджет кодексі мен бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын жұмысқа алады.
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайты және Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ «Хабар24», Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.