Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Астанада демалыс күндері Абай және Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

5-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы демалыс күндері елордада ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті өңірлік жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Астанаға өз өнімдерін Павлодар мен Абай облыстарының шаруалары жеткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке сенбі-жексенбі күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Шабыт өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.

Екі өңірден 40 түрлі жалпы көлемі 700 тоннаға жуық өнім жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Олардың арасында ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы, жеміс-көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар мен тағамдар және т.б. бар.

Павлодар облысының атынан Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, облыстың 10 ауылдық аудан қатысады.  Олар 350 млн теңгеден астам сомаға 560 тонна өнім, оның ішінде ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), ет-сүт өнімдері, картоп, көкөністер, ұн, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер жеткізілетін болады.

Өткен жылдары павлодарлық ауыл шаруашылығы өнімдері елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болған және жәрмеңке кезінде өнімдер толықтай сатылып кеткен. Әсіресе қала тұрғындары арасында ет, ет өнімдері, бал, картоп және көкөністер сұранысқа ие.

Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына тауар өндірушілердің бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. Олардың айтуынша, өнімдер экологиялық таза ғана емес, сонымен қатар дәмі де ерекше.

Ал Абай облысынан Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Ақсуат, Үржар және Жарма аудандарының шаруалары келеді. Олар 120 тоннадан астам өнім әкеледі. 

 Олардың ішінде мынадай өнімдер бар:

* Ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті) – 47 тонна; * Құс еті – 4 тонна; * Көкөністер – 40 тонна; * Өсімдік майы – 1 тонна; * Сүт өнімдері – 5 тонна; * Бал – 8 тонна; * Ұлттық тағамдар (құрт, бауырсақ және т.б.) – 2 тонна; * Қымыз – 1 тонна; * Шұжық өнімдері – 1 тонна; * Балық – 1 тонна; * Кондитерлік өнімдер – 0,5 тонна; * Бау-бақша өнімдері (қарбыз) - 10 тонна.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив