Әкім сайлауы – халық таңдауы
Осы жылдың 5 қараша күні елімізде саяси-әлеуметтік маңызды шара аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің алғашқы сайлауы өтеді.
Сайлау 3 қала мен 42 ауданда халықтың тікелей қатысуымен өтеді. Орталық сайлау комиссиясы өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларына нормативтік және әдістемелік қолдау көрсетуге толықтай дайын.
Президент бастамасымен өтетін саяси науқан қазіргі уақытта алдын ала бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жүруде.
Еліміздегі маңызды саяси-әлеуметтік оқиға аудан және қала әкімдерін сайлау демократиялық үрдістерді дамытып, халықтың атқарушы билікке деген сенімін арттырады деген пікірде Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің эксперті.
Әкімдердің сайлауына үміткерді ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі. Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталды. Одан кейін үміткерлерді заң аясында тіркейді. Сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі.