САЙЛАУ-2023: АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Abay Media Group» ЖШС, 018.kz және semeynews.kz желілік басылымдарының иесі бола отырып (бұдан әрі - сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заңы) 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауға байланысты Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкіміне кандидаттардың (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін 018.kz және semeynews.kz желілік басылымдарына төленетін ақы мөлшері туралы хабарлайды.
Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкіміне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдары 2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылғы 04 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын сайт пен әлеуметтік желідегі парақшаларға орналастыру да 2023 жылғы 10 қазандағы сағат 18:00-ден 2023 жылғы 04 қарашада сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Желілік басылымға ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі
Үгіт материалдарын орналастыру үшін желілік басылымға материал беру Серіктестік пен әкімдікке кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Әкімдікке кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Серіктестікпен шартқа қол қоюы уәкілетті (сенім білдірілген) адамның Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға берген келісімі болып саналады.
Баспасөз алаңын ұсыну үшін әкімдікке кандидаттардың уәкілетті (сенім білдірілген) адамы Серіктестікке мынадай ақпаратты көрсете отырып, Серіктестік басшысының атына жазылған өтініш береді:
1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша өтініш берілген күн мен уақыт. Өтініш кезектілік тәртібімен Кандидаттардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру мен оның келіп түскен күнін көрсету арқылы тіркеледі;
2) жазбаша өтініш беретін Кандидаттың уәкілетті (сенім білдірілген) адамының Т.А.Ә.;
3) жазбаша өтініш беретін адамның өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат, жеке куәлік/паспорт, уәкілетті (сенім білдірілген) адамның тіркеу куәлігі);
4) Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімінің көшірмесі;
5) үгіт материалдары орналастырылатын алаңның жоспарланған көлемін, орналастыру санын, көлемін, орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, орналастыру кестесін (медиа-жоспар), мерзімді баспасөз басылымының (газеттің) атауын көрсету. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, шартқа қосымша болып саналатын баспа алаңдарын ұсыну кестесін (медиа-жоспар) әзірлейді;
6) үгіт материалының мәтінін қағаз түрінде (әрбір ұсынылған парақта уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы болуға тиіс) және электрондық жеткізгіште таратып жазу;
7) жазбаша өтініш берген уәкілетті (сенім білдірілген) адамның қолы қойылады.
Үгіт материалдары Серіктестікке модульдер және / немесе мақалалар түрінде беріледі
Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы электрондық мекенжайға ұсынылады: abaiaqparatkz@gmail.com немесе электрондық жеткізгішпен қолма-қол тапсырылады: Абай облысы, Семей қ., Абай көшесі, 96, 3 каб, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, TIFF форматы – макеттер үшін; WORD – мақалалар үшін; JPEG – фотосуреттер үшін.
Жарияланымдарда олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты ұсынған адамның тегі туралы ақпарат болуға тиіс.
Серіктестік Кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда немесе ҚР заңнамасына қайшы келсе, үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер:
№ |
Қызмет |
Өлшем бірлігі |
Баға/тг |
1. |
Мәтіндік материалдар |
1 мақала (3000 таңбаға дейін) |
25 000 |
2. |
Мәтіндік материалдар |
1 мақала (3000 таңбадан жоғары) |
35 000 |
3. |
Сайтта ақпараттық баннерді орналастыру |
1 тәулік |
5 000 |
Тапсырыс шеңберінде дайындалған барлық материалдар 018.KZ-ABAIAQPARAT желілік басылымының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша
БАҒА ҰСЫНЫСЫ
сондай-ақ, аудиовизуалды өнімдерді және өзге де цифрлық қызметтерді дайындау бойынша қызметтерді ұсынамыз
№ |
Қызмет |
Өлшем бірлігі |
Баға/тг |
1 |
Репортаждық сипаттағы аудиовизуалды материалдарды (4К форматында) жасау |
1 сек |
3 000 |
2 |
Мобилография форматында аудиовизуалды материалдар жасау |
1 сек |
2 000 |
3 |
Сценарий жаза отырып және актерлерді тарта отырып, аудиовизуалды материалдарды (4К форматында) жасау |
1 сек |
10 000 |
4 |
Дайын сценариймен бейне форматта (2D графика) анимациялық аудиовизуалды материалдар жасау |
1 сек |
5 000 |
5 |
Бейне форматында сценарий жазумен анимациялық аудиовизуалды материалдар жасау (2D графика) |
1 сек |
7 000 |
6 |
Ақпараттық графиканы дайындау 2D (инфографика, интернет баннерлер) |
1 дана |
10 000 |
7 |
Жаңалықтар сипатындағы мәтіндік хабарламалар жасау |
1 жазба |
7 000 |
8 |
Дрон түсіру |
1 сек |
5 000 |
9 |
Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде тікелей эфир өткізуді қамтамасыз ету (кәсіби ПТС жабдықтары, 8 камералық түсірілім) |
1 мин |
5 000 |
10 |
Деректі аудиовизуалды материалдарды дайындау (4К форматында) |
1 мин |
20 000 |
11 |
Фотоматериалдар ретушімен кәсіби фотосессия / фоторепортаж (кемінде 30 фото) |
1 фоторепортаж |
70000 |
12 |
Мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды материалдарды мақсатты тарату |
1 қаралым |
3 |
13 |
Аудиоролик құру, ер / әйел адам дауысы |
1 сек |
5 000 |
14 |
Жазылушылар саны 1 млн. астам Instagram әлеуметтік желісінде республикалық жұртшылыққа материалдарды орналастыру. |
1 жазба |
100000 |
* сома Семей қаласының аумағында ұсынылатын қызметтер үшін көрсетілген. Қажет болған жағдайда алыс аудандарға шығу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда қосымша іссапар шығындары алдын-ала келісіледі.
** Кедергісіз жұмыс істеу үшін ЖШС қызметкерлерінің контент жасауда тәжірибесі бар, барлық қажетті техника қарастырылған: Sony A7III - 2 дана заманауи камералар, Sony A7SIII – 1 дана, квадракоптерлер - 2 дана (DJI Avata және DJI Mavic 2), тұрақтандырғыштар – 2 дана (DJI RS3), Rode GO II петлицалық микрофондары – 4 дана, Sennheiser EW100 – 2 дана, монтаждау үстелі - 2 дана, тікелей эфирлерді өткізуге арналған кәсіби ПТС жабдығы (8 камераға - Sony Z190) және т.б., портативті телесуфлер, дыбыс жазу студиясы, жедел шығуға және 24/7 түсірілімді қамтамасыз етуге арналған автокөлік құралдары (Lada Xray).
*** аудиовизуалды материалдарды дайындау жедел тәртіппен қамтамасыз етілетін болады.
Әлеуметтік желілердегі материалдардың төлем мөлшері туралы мәліметтер:
№ |
Атауы |
Оқырман саны |
Өлшем бірлігі |
Баға/тг |
|
||||
1. |
@semeystan |
90.9 мың |
1 жазба |
15 000 |
2. |
@typicalsemey |
94 мың |
1 жазба |
15 000 |
3. |
@semey_life |
84.9 мың |
1 жазба |
15 000 |
4. |
@semey24 |
69 мың |
1 жазба |
15 000 |
5. |
@abaiaqparatkz |
35.9 мың |
1 жазба |
10 000 |
6. |
@semey_public |
21.4 мың |
1 жазба |
10 000 |
7. |
@semey42 |
18.8 мың |
1 жазба |
10 000 |
8. |
@karagaily_tv |
6.7 мың |
1 жазба |
10 000 |
TELEGRAM |
||||
9. |
t.me/abaiaqparatkz |
2751 |
1 жазба |
15 000 |
10. |
t.me/semei24 |
2453 |
1 жазба |
15 000 |
|
||||
11. |
018 - ABAI AQPARAT |
6555 |
1 жазба |
20 000 |
ВКОНТАКТЕ |
||||
12. |
018.KZ – ABAI ABAQPARAT |
139.1 мың |
1 жазба |
15 000 |
13. |
SEMEYNEWS.KZ |
64.9 мың |
1 жазба |
15 000 |
YOU TUBE |
||||
14. |
018 - ABAI AQPARAT |
15 мың |
1 видео |
20 000 |
Үгіт материалдарын орналастыру шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Серіктестік берген төлем шоты негізінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Abay Media Group» ЖШС есеп шотына БСН 220440010660, «Банк ЦентрКредит» АҚ Семей қ., ЖСК KZ968562203117166584, KCJBKZKX БСК қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеу.