Әскери оқу орындарының жұмыстары мен қызметтерінің бағасы бекітіледі
Әскери білім және ғылым департаменті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмысына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындады.
Құжат «Білім туралы» ҚР Заңы 63-бабының 4-тармағына және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес дайындалды.
Бұйрық жобасымен әскери жоғары оқу орындары көрсететін ғылыми қызметтің ақылы түрлерінің тізбесіне сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы бекітіледі. Әңгіме әскери жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне зияткерлік құқықтар беру, запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша азаматтарды әскери даярлау, ғылыми сүйемелдеу жөніндегі қызметтер туралы болып отыр.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау әскери жоғары оқу орындарының ғылыми-эксперименттік және оқу-материалдық базасын нығайтуға жұмсалатын ақшалай қаражаттың қосымша түсімдерін қамтамасыз етеді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14737147