Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

КAZ Minerals тобы Ақтоғай және Қопа ауылдарында жол жөндеу және көшет отырғызу жұмыстарын қаржыландырды

9-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

KAZ Minerals Тобы Абай облысы Аягөз ауданының Ақтоғай және Қопа ауылдарындағы жолдарды жөндеу және көшет отырғызу жұмыстарын қаржыландырды. Компания жолдың екі учаскесін жөндеу үшін 870 млн теңге бөлді. Бүгінгі таңда Ақтоғай және Қопа ауылдарының арасындағы ұзындығы 7 км жол жөнделіп  жатыр. Осыдан кейін мердігер Ақтоғай ауылындағы ұзындығы 1,8 км болатын Қ.Сәтпаев көшесіндегі жолды жөндеуге кіріседі. Сонымен қатар «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай ауылында жауын-шашын салдарынан шайылып кеткен төрт көшені қалпына келтіру үшін грейдер, жүк көлігін және тиегіш берді.

Сондай-ақ компания көшеттерді сатып алу үшін 2,8 млн теңге бөлді. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС жұмыскерлерінің ішінен еріктілер қоғамдық өкілдерімен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтоғай ауылында 200 және Қопа ауылында 100 ағаш отырғызды. KAZ Minerals Тобы алдағы жылдары да ағаш отырғызуды жалғастырмақ. 

KAZ Minerals Тобы тұрақты негізде Аягөз ауданының инфрақұрылымын, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларын дамытуға қаржы бөліп келеді. Іске асырылған жобалардың ішінде: Аягөз қаласындағы политехникалық колледждің жатақханасын салу, Ақтоғай және Қопа ауылдарының мектептеріне музыка аспаптарын және компьютер жабдықтарын сатып алу, Аягөз ауданының жергілікті студенттеріне шәкіртақы және гранттар бөлу, Ақтоғайдағы өрт сөндіру бөлімін қайта жаңарту және т.б. бар.   

«KAZ Minerals Тобы өзі жұмыс істейтін өңірлердегі жергілікті халықты қолдауға ерекше назар аударатын әлеуметтік жауапты компания. Компания жұмыскерлерінің күшімен, сонымен бірге жергілікті тұрғындардың қатысуымен 300 ағаштың көшеті отырғызылды. Сонымен қатар компания қаражаты есебінен оларды суару да ұйымдастырылады. Маңызды жобалардың тағы бірі – жолдың екі учаскесін жөндеу. Ол жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға және жергілікті тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған», - деді «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-нің атқарушы директоры Ғалым Аманжолов.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив