Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

«Жастар кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті

10-10-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында: «Жастар кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті.

Брифингке ҚР Мәжілісінің депутаты, 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Динара Наумова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Құспан Роллан Қабылұлы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының м.а. Ашкин Арман Айтуғанұлы, «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2023 жылы Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында «Zhas project» жобасын іске асыру бойынша грант алушы Мағдатов Наурызбек Серікұлы қатысты.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан Арман Ашкин «Zhas Project» жобасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындар үшін жақсы мүмкіндік екенін атап өтті. Жоба аясында жас қазақстандықтар өздерінің үздік әлеуметтік идеяларын жүзеге асырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, көмекке мұқтаж жерлестеріне қолдау көрсетеді.

Брифинг барысында Роллан Құспан Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Zhas Project» жобасы бойынша жастардың бастамаларын қолдауға шағын гранттар беру конкурсына өтінімдер қабылдау туралы жариялады.

«Zhas project» жобасы жастарға қоғамға пайдалы кез келген идеяларды іске асыруда қолдау көрсетеді. Бағдарлама жас ұрпақты тұрғылықты жерлердегі әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға, шалғайдағы елді мекендерге басымдық беруге бағытталған.

Жоба аясында жыл сайын 1 миллион теңгеге дейінгі сомаға 280 шағын грант бөлінетін болады. Шағын гранттар беру жөніндегі конкурсқа NEET санатынан 18 жастан 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады.

Бұдан бөлек, Роллан Құспан, 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын жастарға 3 млн. теңге мөлшерінде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты берілетінін атап өтті. Дарынды жастарға түрлі жобалар мен жаңа идеаларды жүзеге асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын 2029 жылға дейін беру жоспарлануда.

Брифинг басырында ҚР Мәжілісінің депутаты, 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Динара Наумова, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында іске асырылған «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Life+» ЕДШ кабинетін ашу» жобасы туралы айтып өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив