Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенатта балаларға Ұлттық қордан қаражат есептеу мәселелері туралы заң қаралды

10-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар балаларға Ұлттық қордан қаржы есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелеріне қатысты заңды талқылады.

Сенаторлардың айтуынша, заң Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың арнайы жинақ шотына 18 жасқа толғанға дейін аударуды көздейді және оны мерзімінен бұрын алу құқығы берілмейді.

Құжат ел азаматтарының жас буынын кәмелетке толған кезде олардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе жинақ есебінен білім алуға мүмкіндік беру арқылы қолдауға бағытталған.

Қаражат сонымен қатар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы және тұрғын үй құрылысы жинағы саласындағы заңнаманың немесе тұрғын үй сатып алу туралы шарттың талаптарын сақтай отырып пайдаланылуы тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив