Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейдегі бұрынғы әйелдер гимназиясының бір бөлігі қалпына келтіріледі

12-02-2023, 14:21 Думан Кенжеғазыұлы

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыста тарихи-мәдени мұраның екі нысаны бойынша мәселелер қаралды. Ұранхаев көшесі, 17 мекенжайындағы бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты бойынша комиссия теңгерім ұстаушыға тарихи келбетін сақтау үшін ғимараттың бір бөлігін қалпына келтіру мәселесін қарауды ұсынды. Мәңгілік Ел көшесі, 6 мекенжайындағы Сахно көпесінің қонақ бөлмелері (Бинар қонақ үйі) ғимараты бойынша теңгерім ұстаушыға «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының талаптарына қатаң сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және ғимараттың тарихи келбетін сақтау ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев аталған комиссия мүшелеріне сәулет ескерткіштерінің тізімін пысықтауды тапсырған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив