Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті

16-10-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 19 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес Сенаттың алдағы отырысында депутаттар «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл заңға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қол қойған және ол экономикалық өсуге, өзара және сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге арналған.

Келісімді қабылдау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ, бірлескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің нарықтарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив