Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.5 534.22 5.18

Қазақстандық ауыл шаруашылық техникасын өндірушілер Германияның өндіріс технологияларымен танысты

16-10-2023, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов бастаған қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер делегациясы Германияда жұмыс сапарымен жүр.

Сапар барысында HORSCH корпорациясының иесі Филипп Хорш мырзамен кездесу өткізіліп, онда отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің және олардың халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ ауылшаруашылық машиналарына арналған бөлшектерді дайындаудың техникалық егжей-тегжейлері, атап айтқанда, өндіру және бояу әдістері талқыланды.

Филипп Хорш мырза өз компаниясының даму тарихына тоқталып, локализацияны дамытуға қызығушылық танытты, сондай-ақ егер олардың өнімдерінің сапасы жақсы болса, қазақстандық кәсіпорындарды өзінің жаһандық тізбегінде жеткізушілер ретінде қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Делегация сонымен қатар Хамм қаласында болып, 143 000 шаршы метрді құрайтын қоймаларды аралады. Ойластырылған концепциясымен және заманауи технологияларды қолдануымен ерекшеленетін қоймаларда 200 мыңнан астам бөлшектердің атаулары бар.

Шағын бөлшектердің Автоматты қоймасы бір уақытта 3,3 м/с жылдамдықпен 78 тапсырысты және 195 000 қойманы өңдейді.

45 орау желісі және тағы 15 орау үстелдері жартылай автоматты орау желісімен біріктірілген.

Өнім келген сәттен бастап интеллектуалды компьютерлік жүйе әр бөліктің қай жерде сақталып отырғанынан әрдайым хабардар.

Қазақстандық делегация CLAAS компаниясының жаһандық тізбегіне жеткізушілерді енгізу жүйесінің жұмысымен де танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив