Абай облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды
Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағы Ақсуат ауданындағы Зайсан көлінің аумағында рейдтік іс-шара жүргізді. Нәтижесінде көлдің тыйым салынған аумағында тиісті құжаттарсыз қолдануға рұқсат етілмеген тормен заңсыз балық аулаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды.
Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде шығын мөлшері 577 478 теңгені құрады. Қылмыстық іс материалдары сот органдарына жіберілді.
Айта кетсек, балық аулау және аң аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін облыстың барлық аумағында тұрақты рейд пен патрульдік іс-шаралар өткізіледі.
Тағыда оқыңыз
ТЖ министрі Юрий Ильин негізгі суға кету себептерін атадыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы18 наурызда және дауыс беру күні кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады - Бас прокуратураКәсіпкерлер соттардың бейтарап шешім қабылдайтынына сенімді болуы керек – Жоғарғы сот басшысы