Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.5 534.22 5.18

“Қорғау” жылдың үздік жобаларының бірі атанды

18-10-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада “Qazaqstan Project Management Awards – 2023” ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды.

Жол жүрісі қағидаларын бұзышыларды автоматты түрде анықтайтын “Қорғау” жүйесі жылдың ең үздік жобаларының бірі болып танылды. Полиция ведомствосы сайыстың күміс жүлдегері атанды.

Интеллектуалды бағдарлама Sergek Group компаниясының мамандарымен бірге әзірленген.

– Жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Ол қолда бар ресурстар шеңберінде қысқа мерзімде әзірленді. Сондықтан сапаны арттыру, мақсатқа жету үшін біз жобалық басқаруды қолданып, бүгінгі нәтижеге жеттік. Біріншіден, апаттық көрсеткіштер төмендеді, екіншіден, біз патрульдік полицейлерге жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды тез арада анықтап, оларға қатысты шара қолдануға мүмкіндік беретін цифрлық құрал жасадық, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Бағдарлама жүргізушілер тәртібін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив