«Qazaqstan Project Management Awards – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
Энергетика министрлігі Жобалық кеңсесінің командасы жыл сайынғы «Qazaqstan Project Management Awards-2023» (бұдан әрі - QazPMA) ұлттық байқауына қатысты.
Анықтама:
QazPMA - бұл жобалық менеджмент саласындағы жыл сайынғы ұлттық конкурс, оның миссиясы елдің одан әрі экономикалық ілгерілеуі үшін жобаларды басқару мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Конкурс Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді.
Конкурс 2023 жылғы 1 маусым мен 12 қазан аралығында өтті және 8 кезеңнен тұрды.
13 қазанда Digital Bridge халықаралық форумы аясында QazPMA байқауының қорытындысы шығарылды, онда орталық мемлекеттік органдар арасында Энергетика министрлігінің жобалық кеңсесінің командасы мынадай номинациялар бойынша бірінші орындарға ие болды:
1) «Жылдың үздік жобалық менеджері» – Жобалық кеңсенің жетекшісі Айбек Ибатуллин;
2) «Жылдың үздік жобасы» - Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы Ер-Тарғын Тлеукенов ұсынған «Уранды қайта өңдеу технологиясы үшін ультра жоғары жиілікті сәулеленуді қолдану» жобасы. Сонымен қатар аталған жоба Global Innovation Management Institute айқындайтын арнайы номинацияда инновациялық жоба деп танылды.
Байқау асессоры – «A to Z Decisions Kazakhstan» консалтингтік компаниясының бас директоры З.С. Азиева жобаның инновациялығын атап өтіп, Е.О. Тлеукеновке Global Innovation Management Institute бағдарламасы бойынша тегін оқуға сертификат табыс етті. Бұл халықаралық сарапшылар қауымдастығының жобаны әзірлеудегі қазақстандық тәжірибені куәландырады.
Сонымен бірге марапаттау салтанатты іс-шарасында энергетика вице-министрі Б.Н. Ілияс құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін марапаттады.