Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан Елшісі Корея Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

18-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты іс-шара барысында Елші Корея Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Корея Президентін Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында белгілеген негізгі басымдықтар туралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысының жақында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Президент Юн Сок Ёльмен кездесуі кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге тың серпін бергені ерекше атап өтілді.

Қазақстан және Корея халықтары арасындағы шынайы достықтың берік іргетасына негізделген екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Кездесу соңында Елші Арыстанов екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін бар күшін салатынына сендірді.

Өз кезегінде Корея Президенті Елшіні қызметке ресми кірісуімен құттықтап, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив