Семей қаласының автопарктері жаңа автобустармен толықты
Жылдар бойы қоғамдық көлік Семей қаласының басты проблемаларының бірі болды – автобус пен жүргізушілердің жетіспеуі, тасымалдаушылар мәселесі шешілмеуі. Жалпы, кәсіпорын DongFeng маркалы жаңа 10 шағын класты, 10 орта класты және 2021-2022 жылдары шығарылған 25 үлкен класты автобус сатып алды.
"Мен қоғамдық көліктердің мәселесін толығымен шешілді деп айтпаймын, бірақ айтарлықтай оң нәтиже бар. Мысалы, егер бұрын маршруттық бағыттарға көліктің шығуы 60% - дан аз болса, қазір - 80%-дан астам қоғамдық көлік желіге тұрақты түрде шығады. Біздің тасымалдаушылар жыл басынан бері 60 автобус сатып алды. Өздеріңіз көріп отырғандай орта және шағын автобустар – мүлдем жаңа, олар "Семаз" зауытында жинақталған. Тасымалдаушылар мен қала және облыс әкімдіктерінің бірлескен жұмысының арқасында шарттар жасалып, субсидиялау мәселесі пысықталды", - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Қала басшысы қоғамдық көлік мәселелері кешенді түрде шешіліп жатқанын да ескерді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Семейде 40 көшеде 60 шақырым жол жөнделіп, аялдама кешендерін абаттандыру жүргізілді.
"Біз қазірдің өзінде 120 павильон орнаттық, келесі жылы тағы 180 павильон орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, келесі жылға арналған жолдарды жөндеу және салу жоспарлары да үлкен. Жолаушылар тасымалын субсидиялау көлемі де артады. Жаңа атвобустар неғұрлым көп болса, субсидиялар көлемі де соғұрлым жоғары болады", - деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.