Қазақстан мен Болгария екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат етіп отыр
Астанада бүгін өткен Қазақстан мен Болгария сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар тараптардың сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын әрі қарай кеңейтуге бейілділігін растады.
Келіссөздерде қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал болгар тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Тихомир Ангелов Стойчев басқарды.
Тараптар Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту, парламентаралық ынтымақтастық пен көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
«Болгария – біздің Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әріптесіміз және біз өзара мүдделі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуді дайынбыз. Мәселен, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бұл ретте, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының жұмысын жандандыру өзара әрекеттестігіміздің жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді», – деді Р.Василенко.
Өз кезегінде, Т.Стойчев энергетика, жасыл сутегі, телекоммуникация, көлік және логистика сияқты перспективалық салалардағы іске асыруға мүдделілік танытты. Осыған орай, ол өзара сауда көлемін арттыруға әкелетін Орта дәлізді дамыту бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты түрде екіжақты консультациялар өткізу қажеттілігін баса айта отырып, сыртқы істер министрліктері арасында тығыз сұхбатты сақтауға келісті.
Анықтама: 2023 жылдың сегіз айда елдер арасындағы тауар айналымы 63,9 млн АҚШ долларын, 2022 жылы 181,3 млн АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан. бастап 2023 жылға 1 тоқсанға дейін Болгариядан ҚР тікелей инвестицияның жалпы ағыны 64,39 млн АҚШ доллар (2021 ж. 5,9 млн. долл., 2022 ж. 8,66 млн..долл.). Қазақстанда болгар капиталының қатысуымен 70-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді.