Елімізде мал азығын дайындау және оны өндірудің жаңа технологиялары енгізіледі
Үкіметте өңірлерде жем-шөп дайындау жұмыстарының барысы тыңдалды. Елімізде биыл 11 өңірде 11 өңірінде тауарлы сүт фермаларын салу бойынша ауқымды жоба басталды. Осыған орай азық-түлікпен қамтамасыз ету одан да стратегиялық маңызға ие болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда былтырғы қалдықтарды қоса алғанда, елде мал азығының барлық түрі бойынша 37,2 млн тонна жем-шөп дайындалған. Мал азығын дайындаудың төмен көрсеткіші Павлодар (75,3%), Маңғыстау (81,0%) және Батыс Қазақстан (85,6%) облыстарында – республикалық деңгейден төмен. Әкімдік өкілдері жем-шөп дайындау әлі де жалғасуда және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілетін жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын және алдағы уақытта жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілетінін айтты.
Жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған өзектендірілген жол картасына сәйкес мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген:
-
жем-шөп дақылдарының егіс алқаптарын 3,3 млн га дейін кеңейту (2023 жылы 3,1 млн га егілді);
-
жем-шөп дақылдарының жалпы түсімін 5,1 млн тоннаға дейін арттыру;
-
құрама жем өндірісінің көлемін заттай 1,9 млн тоннаға дейін, ақшалай көлемде - 140 млрд теңгеге дейін ұлғайту.
Елімізде жұмыс істеп тұрған 66 құрама азық өндіретін кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 2,2 млн тонна өнімді құрайды. Бұл алаңдарда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың барлық түрлері үшін толық теңдестірілген құрама азық өндіріледі. Бұл ретте кәсіпорындардың жүктемесі небәрі 41,6%-ды құрайды.
«Бүгінгі таңда біз «ескі тәсілмен» жем-шөп дайындау тәсілінен жаңа технологияларды енгізуге сапалы көшуді қолға алып жатырмыз. Мұндай тәжірибе басқа елдерде табысты жұмыс істеп келеді. Тіпті өңірлерде дайындалған жем-шөп көлемін дұрыс бөлу арқылы алдағы жылға жеткізуге болар еді», — деді С.Жұманғарин.
Үкіметте өңірлердегі жаңа жобалардың іске асырылу барысы да талқыланды. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысында Dairy Global Experts LLC-мен (халықаралық консалтингтік компания) бірлесе отырып құзырет орталығы ашылады. Сүтті мал шаруашылығына жем-шөп және ветеринариялық кеңес беру бағдарламасы әзірленді. Ал Ақмола облысының Зеренді ауданында мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы іске қосылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі заманауи ғылымның көмегімен мал бағу мен жем-шөп базасын пайдалану тиімділігін арттыру және ет өндірісін арзандату үшін қазіргі заманғы әдіснаманы қолдана отырып, кем дегенде 20 мың басқа арналған бордақылау алаңдарын салу бойынша мал шаруашылығы саласындағы ірі жобалар пулын қалыптастырады.