Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«SEMEYCEMENT» компаниясы 65 жылдық мерейтойын атап өтті

23-10-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

«SEMEYCEMENT» компаниясы - өңіріміздегі бай тарихы мен өзіндік дәстүрі бар байырғы кәсіпорындардың бірі. 2023 жылы Цемент зауыты өзінің 65 жылдығын атап өтті.

Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев цемент зауыты жұмысшыларының еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, мерекемен құттықтады.

«Абай облысы, жалпы республика көлемінде бой көтерген зәулім ғимараттар мен тамаша тұрғын-үй кешендерінің әр тасында «Семей Цемент зауытының» өнімдері қолданылатынын мақтанышпен айтқым келеді. Бұл дегеніміз – ұжымдағы әр қызметкердің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі деп білемін. Сіздердің талай жылғы төккен терлеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз зауыт тарихының беттеріне алтын әріптермен жазылып, әр құрылысқа кірпіш болып қаланып келеді. Мыңнан астам шебердің екінші үйіне айналған берекелі еңбек ұжымының абыройы артып, халықаралық стандарттарға сай сапалы өнімімен осы саладағы биіктерді бағындыруына тілектеспін», - деді облыс әкімі.

Шара аясында «Ағашыңды отырғыз» салтанатты акциясы өтті. Сондай-ақ, Gebr.Pfeiffer цемент диірменін таныстырды. Цемент өндірісін жаңғыртуға салынған бұл инвестиция 150-200 т/сағ өндірістік қуаттылыққа ие болуға мүмкіндік береді және қолданыстағы ескірген шар диірмендерін ауыстырады. Бұдан бөлек, Haver&Boecker неміс компаниясының №3 жаңа бірегей қаптама желісі іске қосылды.

Сондай-ақ компанияның тарихы мен жетістіктерін сипаттайтын «SemeyCement: Территория сильных» кітабының тұсаукесері өтті. Қызметкерлерге «Құрмет» грамотасы табыс етілді.

Бүгінде зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 1 150 000 тонна цементті құрайды. 1958 жылы цемент өндірісі басталғаннан 2023 жылдың қаңтарына дейін кәсіпорын 61 285 932 тонна цемент өндірді. Кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 1200 адам.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив