Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысында «Парасат» форумы бастау алды

23-10-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Семей қаласында кәсіпкерлер, танымал сарапшы мен өңір тұрғындарының басын қосқан республикалық «Парасат» форумы өз жұмыс бастады.

Форумның мақсаты – ең өзекті тақырыптарды талқылайтын, тәжірибе алмасып және елдің дамуына оң әсер ететін білім мен бизнестің бағыттарын анықтайтын орта қалыптастыру.

Форумда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Еркін білім беру аймағын» құру қажеттігін атап өтті.

«Абай облысында «Еркін білім беру аймағын» құру ойымызда бар. Парасат  форумы - бұл жаңа мүмкіндіктер алаңы. Осы алаңда заманауи тақырыптар талқыланады. Ақыл парасатын арттырған кәсіби мамандарымыз облысымыздың дамуына үлес қосады деп, сенемін. Біз өңірімізде ғылым-білім және бизнестің дамуына қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді аймақ басшысы.

Форум барысында белгілі кәсіпкерлер, ірі компания басшылары, журналистер өздерінің тәжірибесі туралы баяндап, Абай өңірін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды ұсынбақ.

Олардың қатарында бизнесмен, «Forbes Kazakhstan» журналының шығарушысы Арманжан Байтасов, «HR CAPITAL» негізін қалаушы Рифат Абдураманов, кәсіпкер, «TASGROUP» компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев, бизнес-тренер, «ADAMANT» ресурстық орталығының негізін қалаушы Шолпан Түсіпбекова, «FitnessBlitz» фитнес клубы желісінің негізін қалаушы Данияр Молдахмет, белгілі журналист, режиссер Майя Бекбаева бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив