Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Курчатов қаласының мектептері заманауи технологиялармен толықты

24-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Курчатов қаласында 4 жалпы білім беретін мектеп бар. Оқу орындарында жыл сайын білім беру жағдайын жақсарту және жаңа технологияларымен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Бүгінде қаланың барлық мектептері заманауи үлгідегі оқу кабинеті, кітапхана, спорт залымен жабдықталған.

Биыл екі ағылшын тілі кабинеті жабдықталды, физика кабинетін сатып алуға арналған конкурстық рәсім жүргізіліп жатыр. Химия, биология және информатика кабинеттерін алуға келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, мектептерде география, бастауыш сынып, технология, АӘД, қазақ тілі пәніне арналған мамандандырылған кабинет, 5 интерактивті панель және музыкалық аппаратура сатып алынды.

Материалдық-техникалық база қосымша білім беру қызметін, оқу-шығармашылық іс-шараларын ұйымдастыруға, мәдени шараларды өткізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл әрбір оқушының әлеуетін ашып, заманауи білім алуға деген мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив