Республика күніне орай Семейде бірқатар азаматтар марапатталды
25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Шара мемлекеттік әнұран шырқаудан басталды. Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың алғыс хаты, Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатовтың құрмет грамотасы, алғыс хаты және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес салаларының өкілдері бар.
Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысына сәйкес 9 қыркүйек пен 9 қазан аралығында күзгі экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылған болатын. Жоғарыда аталған марапаттардан бөлек, сенбілік аясында өткен «Таза Семей 2023» байқауына белсенді қатысқан мекеме ұжымдары марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Атап айтқанда, «Знаменка орта мектебі», «Jq кафесі», «Немере балабақшасы», «Қалалық мәдениет сарайы», «22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі», «ForteBank», «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі», «Геологиялық барлау колледжі», «Алёна Пасько», «Экономикалық лицейі», «25 жалпы орта мектебі» экологиялық акцияның белсенді қатысушалары аталымына ие болды.
Жиында көрермен назарына акция қатысушыларының сенбіліктегі дайындаған үздік фотосуреттері мен бейнежазбалары көрсетілді.